Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

GCIP-Kazakhstan акселерациясының үшінші циклінің жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:
Бөлісу:

Біз GCIP-Kazakhstan акселерациялық бағдарламасына қатысуға іріктелген стартаптарды ұсынамыз. Бұл бағдарлама таза технологиялар саласындағы жетекші бастамалардың бірі болып табылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (UNIDO) мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен (IGTIC) серіктестікте жүзеге асырылады. GCIP-Kazakhstanбағдарламасы – экономиканы экологиялық трансформациялауға бағытталған жаһандық қозғалыстың бір бөлігі және 2022 жылғы 2 қарашада UNIDO-мен жасалған келісім аясында іске асырылуда.

Сарапшылардан құралған қазылар алқасының іріктеу қорытындысы бойынша ең перспективалы жобалар анықталып, олар акселерация бағдарламасына қатысуды жалғастырады.

Бағдарламаға қатысушылар мына мүмкіндіктерге ие болады:

  • халықаралық менторлық желі мен жеке қолдауға қол жеткізу;
  • бизнес-модельді дамыту, жобаны ауқымдау және инвестицияға дайындау;
  • жобаларды халықаралық аренада таныстырып, жаһандық нарыққа шығу мүмкіндігі.

GCIP-Kazakhstan миссиясы –  инновацияларды қолдау, “жасыл” жұмыс орындарын қалыптастыру және Қазақстандағы тұрақты кәсіпкерлік экожүйесін дамыту.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның үшінші цикліне өтінімдер қабылдау наурызда басталып, 2025 жылдың мамырында аяқталған болатын. Байқау Қазақстанды экологиялық таза, қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан дамыған елге айналдыруды көздейтін дарынды жаңашылдарды біріктірді.

Бағдарлама 28-31 шілде күндері Астанада өтетін Ұлттық академиядан басталады, ол акселерацияға қатысушыларды даярлаудың негізгі кезеңі болмақ.

Ұлттық академия –  акселерациялық бағдарламаға іріктелген стартаптар үшін ұйымдастырылатын кіріспе оқыту модулі. Академия аясында NGIN (Network for Global Innovation) халықаралық сарапшыларының қатысуына ерекше назар аударылады. NGIN –  АҚШ-та орналасқан, таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдауға маманданған жаһандық акселераторлар, инвесторлар және сарапшылар желісі.

NGIN сарапшылары бизнес-модельді дамыту, халықаралық нарыққа шығу, тұрақтылық пен инвестициялық дайындық бойынша дәрістер мен тренингтер өткізеді. Академия стартаптар үшін акселерация мен шешімдерді коммерцияландырудың келесі кезеңіне мықты негіз қалыптастыратын бастау алаңы болмақ.

GCIP-Kazakhstan 2025 акселерациялық бағдарламасына қатысу үшін іріктелген стартап-жобалар тізімі

№Стартап/компанияның атауы
1FOREST HERO
2International Center of Climate Change Technologies
3Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
4BULAN
5EON LLP
6SpaceLab
7Earthlaq
8PlastX
9Institute of Combustion Problems
10CarbonCapture(+collab with PureAir)
11Beelieve
12BlueTerra
13Gify
14Kemel Ltd.
157.supro
16NIS CaseX
17TerraLift
18Ibraim Technologies
19HydroTech Atm
20JSC «D.V. Sokolsky Institute of Fuel, Catalysis and Electrochemistry»
21Academy of Civil Aviation
22Adgreen
23“KazAsiaGroup” ЖШС
24RDI Ventures
25AliSM
26Tapqan Tech LLP
27BluOcean
28AuaLine
29Food Waste LLP
30AgroSky
31MIYA Otbasylyq ferma
32Nexonergy
33Shymkent University
34Kazrecycling
35GreenEco
36Abicom
37HelioDrive
38EcoWise
39Star Times Group LLP
40MossWave
41Cleantech Forge
42Dala Ecos Technology
43NIS 777 URA
44LLP “Global InvestProjects”
45Jasyl Dala
46ARSAN Power
47Greengineers
48ECO NRG
49Recycle Me
50LLP MerNurInvest
51QazEcoRec (QER)