Негізгі мазмұнға өту

Орталық туралы

Бөлісу:

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы » КАҚ ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен құрылды. 

Орталықтың жалғыз акционері ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі атынан үкімет болып табылады.

Миссия

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау.

Қызмет бағыттары

ЕҚТ анықтамалықтарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу.

Жасыл жобаларды қолдау және қаржыландыру бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларды іске асыру (Readiness-2, GCIP-Kazakhstan).

Экология, тұрақты даму және өмір сапасын жақсарту саласындағы инновациялық жасыл жобаларды іздеу және ілгерілету.

Экология және тұрақты даму мәселелері бойынша білім беру және ағарту бағдарламаларын жүргізу (вебинарлар, тренингтер).

Жасыл экономикаға көшудің ұлттық мақсаттары

Қалдықтарды басқару жүйесін құру

Тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту

Су ресурстарын тұрақты пайдалану

Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту

Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Экожүйелерді ұқыпты және тиімді басқару