ЕҚТ анықтамалықтары

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап I санаттағы объектілер ЕҚТ қолдануға және объектілердің ЕҚТ бойынша анықтамалықтарда көрсетілген эмиссия деңгейлеріне сәйкестігіне негізделген кешенді экологиялық рұқсаттар алуға міндетті.
ЕҚТ енгізу кезінде өнеркәсіп эмиссияларға салықтық экологиялық төлемдерді төлеуден босатылады, ал КЭР-ге ауыспайтын кәсіпорындар үшін экологиялық төлемдер біртіндеп 2, 4 және 8 есеге ұлғайтылады.
Осыған байланысты Орталық ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлеуде.
2021-2026 жылдары кәсіпорындар үшін ЕҚТ бойынша 23 анықтамалық әзірленді:
Жүргізілген жұмыстар
Жоспар
| 2024 жылы ЕҚТ бойынша әзірленген анықтамалықтар |
|---|
| Титан және магний өндірісі |
| Атмосфералық ауаға және су объектілеріне ластаушы заттардың эмиссияларын мониторингілеу |
| Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту |
| Негізгі органикалық химиялық заттар мен полимерлер өндірісі |
| 2025 жылға жоспарланған ЕҚT анықтамалықтары |
| Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату |
| Қалдықтарды қалпына келтіру |
| Қалдықтарды көму |
| Сирек түсті металдар өндірісі |
| 2026 жылы әзірлеуге жоспарланған ЕҚT анықтамалықтары |
| Шошқаларды, ауыл шаруашылығы құстарын қарқынды өсіру |
| Ет комбинаттарында, ет салқындату қоймаларында жануарларды сою |
| Тері мен былғарыны илеу, бояу, өңдеу |
| Тағамдық өсімдік майларының өндірісі |
| Алкоголі аз және алкогольсіз сусындар өндірісі |
| Жұқа органикалық синтез өнімдерін өндіру |
| 2027 жылға жоспарланған ЕҚT анықтамалықтары |
| Ағаштан немесе басқа талшықты материалдардан целлюлоза өндіру |
| Шыны, керамикалық бұйымдар өндірісі |
| Тоқыма талшықтарын бояу, ағарту, тоқыма өнімдерін бояу |
| Тамақ өнімдерін, сусындарды, сүт және сүт өнімдерін өндіру |



