Негізгі мазмұнға өту

Даму стратегиясы мен жоспары

Бөлісу:

«Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КеАҚ-ның 2025–2029 жыл­дарға ар­нал­ған даму стра­те­гиясы.

Миссия

Эко­но­ми­ка­ның бә­се­кеге қа­бі­лет­ті­лі­гін, ха­лық­тың өмір сүру са­па­сын арт­тыру және қор­ша­ған ортаға теріс әсерді тө­мен­дету үшін жасыл тех­но­ло­гия­ларды іл­ге­рі­лету және биз­несті қолдау.

Пайым

«Жасыл» тех­но­ло­гия­лар­дың сер­вис­тік опе­ра­торы және ха­лы­қа­ра­лық әріп­тес­тер­мен бел­сенді ын­ты­мақ­тас­тық жа­сай­тын ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар бюросы.

Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар

1. ҚР-ның ең үздік қолжетімді техника (ЕҚТ) қағидаттарына одан әрі көшуіне жәрдемдесу

  • 1.1. Ке­шенді тех­но­ло­гия­лық аудит жүр­гізу шең­бе­рінде өнер­кә­сіп­тік/өн­ді­ріс­тік кә­сі­по­рын­дарды қам­туды ұл­ғайту
  • 1.2. ЕҚТ бо­йынша анық­та­ма­лық­тарды әзір­леу және же­тіл­діру (мо­ни­то­ринг, тиім­ді­лікті талдау, жа­ңарту)
  • 1.3. Мүд­делі та­рап­тарға ЕҚТ қа­ғи­дат­та­рына көшу (тре­нинг­тер, се­ми­нар­лар, іс­кер­лік ойын­дар өткізу) және кә­сі­по­рын­дар­дың ке­шенді эко­ло­гия­лық рұқсат алуы бо­йынша сер­висті дамыту мә­се­ле­лері бо­йынша кон­суль­та­ция беру

2. «Жасыл» технологияларды, жобаларды дамытуға жәрдемдесу және қаржыландыруды тарту

  • 2.1. Жасыл тех­но­ло­гия­лар және жо­ба­лар са­ла­сын­дағы ҚР заң­на­ма­сын же­тіл­ді­руге жәр­дем­десу
  • 2.2. Тех­но­ло­гия­лық құ­зы­рет­тер­дің са­ла­лық ор­та­лы­ғын дамыту
  • 2.3. «Жасыл» жо­ба­ларды қар­жы­лан­дыру

3. Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру

  • 3.1. Кадр­лық әлеуетті дамыту
  • 3.2. Қар­жы­лық тұ­рақ­ты­лықты қам­та­ма­сыз ету
  • 3.3. Қо­ғам­ның стра­те­гия­лық ком­му­ни­ка­ция­ла­рын ұлттық дең­гейде және ха­лы­қа­ра­лық дең­гейде дамыту

Стра­те­гия­лық ба­ғыт­тарға қол жет­кізу үшін мақ­сат­тар ай­қын­далды, олар­дың шең­бе­рінде 10 міндет пен бас­та­ма­лар бел­гі­ленді, олар­дың орын­да­луы Қо­ғамға ішкі және сыртқы сын-те­геу­рін­дер мен мүм­кін­дік­терге жауап бе­ре­тін құ­рал­дар мен те­тік­терді пай­да­ла­нуға, сондай-ақ қол­же­тімді ре­сурс­тарды ба­рынша тиімді пай­да­ла­нуға мүм­кін­дік береді.

Құжаттар

2025–2029 жыл­дарға ар­нал­ған даму стра­те­гиясы

PDF

Қо­ғам­ның тұ­рақты дамуы

PDF

Мемлекеттік бағдарламалық құжаттар

Қа­зақс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «жасыл эко­но­ми­каға» көшуі жө­нін­дегі тұ­жы­рым­дама

PDF

ҚР-ның 2025 жылға де­йінгі ұлттық даму жос­пары

PDF

«Қа­зақс­тан-2050» стра­те­гиясы

PDF

ҚР-ның 2060 жылға дейін кө­мір­тегі бей­та­рап­ты­ғына қол жет­кізу стра­те­гиясы

PDF