Негізгі мазмұнға өту

Комплаенс қызметі

Бөлісу:

Комплаенс қызметі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл)

Комп­лаенс қыз­меті өз қыз­ме­тін Қа­зақс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сына, Қа­зақс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Конс­ти­ту­ция­сына, Қа­зақс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Еңбек ко­дек­сіне, Қоғам Жар­ғы­сына, Комп­лаенс қыз­меті туралы ере­жеге және Қо­ғам­ның өзге де ішкі ак­ті­ле­ріне сәйкес жүзеге асы­рады.

Комп­лаенс қыз­меті Қо­ғам­ның Бас­қар­ма­сы­нан тәуел­сіз, Қо­ғам­ның Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сіне есеп береді, сондай-ақ өз мін­дет­те­рін орын­дау үшін қа­жетті өкі­лет­тік­тер бе­рі­леді және ре­сурс­тар­мен қам­та­ма­сыз еті­леді.

Бас­та­ма­шы­лық ақ­па­рат беру сая­са­тына сәйкес Қо­ғам­ның лауа­зымды адам­дары, қыз­мет­кер­лері, сондай-ақ конт­ра­гент­тер және өзге де адам­дар Қа­зақс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы заң­на­ма­сы­ның кез келген бұ­зу­шы­лық­тары, оның ішінде Қо­ғам­ның қыз­ме­тіне қа­тысты алаяқ­тық, кем­сі­ту­ші­лік және өзге де бұ­зу­шы­лық­тар туралы комп­лаенс қыз­ме­тіне ха­бар­лай алады.

«Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ (бұдан әрі — Қоғам) алаяқ­тыққа, сы­бай­лас жем­қор­лыққа, қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тарға және жо­сық­сыз прак­ти­ка­ның кез келген өзге де ны­сан­да­рына нөлдік тө­зім­ді­лік сая­са­тын ұс­та­нады. 

Нөлдік тө­зім­ді­лік әрбір не­гізді ха­бар­лама бо­йынша ша­ра­лар қа­был­да­на­ты­нын; тар­тыл­ған тұл­ға­ның лауа­зым­дық жағ­да­йына, шарт­тың құнына, іс­кер­лік қа­ты­нас­тар­дың ма­ңыз­ды­лы­ғына немесе Қоғам үшін бе­дел­дік сал­да­рына бай­ла­нысты бірде-бір жағдай на­зар­дан тыс қал­ды­рыл­май­ты­нын, тө­мен­де­ті­ліп көр­се­тіл­мей­ті­нін немесе бей­ресми түрде рет­тел­мей­ті­нін; сондай-ақ рас­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тың барлық жағ­дай­ларда Қа­зақс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сында көз­дел­ген жағ­дай­ларда қа­ра­жатты өтеуді, еңбек және шарт­тық қа­ты­нас­тарды тоқ­та­туды және ма­те­риал­дарды уә­кі­летті мем­ле­кет­тік ор­ган­дарға беруді қоса ал­ғанда, мөл­шер­лес сал­дарға әкеп со­ға­ты­нын біл­ді­реді. 

Осы мә­лім­деме еш­қан­дай ерек­ше­лік­сіз тө­мен­дегі тұл­ға­ларға қол­да­ны­лады: 

  • Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің мү­ше­лері мен Ди­рек­тор­лар кеңесі ко­ми­тет­те­рі­нің мү­ше­ле­ріне;  
  • Бас­қарма тө­ра­ғасы мен мү­ше­ле­ріне, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің бас­шы­ла­рына;  
  • Қо­ғам­ның барлық қыз­мет­кер­ле­ріне;  
  • уа­қытша қыз­мет­кер­лерге, та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ші­лерге, прак­ти­ка­дан өту­ші­лерге және жеке кон­суль­тант­тарға;  
  • мер­ді­гер­лерге, өнім бе­ру­ші­лерге;  
  • Қоғам немесе Қоғам арқылы бе­ріл­ген қа­ра­жатты алатын немесе осын­дай қа­ра­жатты бас­қа­ра­тын се­рік­тес-орын­дау­шы­ларға, грант алу­шы­ларға және өзге де тұл­ға­ларға.  

Қоғам өз қыз­ме­ті­нің барлық са­ла­ла­рында алаяқ­тыққа, бұр­ма­лауға немесе жа­сы­руға, кез келген ны­сан­дағы сы­бай­лас жем­қор­лық пен па­ра­қор­лыққа, Қо­ғам­ның ақ­ша­лай қа­ра­жаты мен ак­тив­те­рін ием­де­нуге, мақ­сат­сыз пай­да­ла­нуға немесе жеке мақ­сат­тарда пай­да­ла­нуға, дә­лел­де­ме­лерді жою, бұр­ма­лау, өз­герту немесе жасыру арқылы тек­се­ру­лерге, ау­дитке және тергеп-тек­се­ру­лерге ке­дергі кел­ті­руге тыйым салады. Тыйым жо­сық­сыз прак­ти­ка­ның өзге де ны­сан­да­рына — ұр­лыққа, қыз­мет­тік өкі­лет­тік­терді теріс пай­да­ла­нуға, ре­сурс­тарды ысы­рап­шыл немесе ұқып­сыз бас­қа­руға, сондай-ақ бұ­зу­шы­лық туралы адал ниет­пен ха­бар­ла­ған тұл­ға­ларды кез келген түрде қу­да­лауға қол­да­ны­лады. 

Ха­бар­ла­ма­ларды барлық адам­дар қазақ, орыс және ағыл­шын тіл­де­рінде келесі бай­ла­ныс ар­на­лары арқылы жібере алады:

Барлық ха­бар­ла­ма­лар Қо­ғам­ның комп­лаенс қыз­ме­тіне келіп түседі және тәу­лі­гіне 24 сағат, ап­та­сына 7 күн бойы жі­бе­руге болады.

Нормативтік құқықтық база

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша жасалған ұсынымдарды іске асыру барысы туралы ақпарат

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы