Даму стратегиясы мен жоспары
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ-ның 2025–2029 жылдарға арналған даму стратегиясы.
Миссия
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау.
Пайым
«Жасыл» технологиялардың сервистік операторы және халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастық жасайтын ең үздік қолжетімді техникалар бюросы.
Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар
1. ҚР-ның ең үздік қолжетімді техника (ЕҚТ) қағидаттарына одан әрі көшуіне жәрдемдесу
- 1.1. Кешенді технологиялық аудит жүргізу шеңберінде өнеркәсіптік/өндірістік кәсіпорындарды қамтуды ұлғайту
- 1.2. ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу және жетілдіру (мониторинг, тиімділікті талдау, жаңарту)
- 1.3. Мүдделі тараптарға ЕҚТ қағидаттарына көшу (тренингтер, семинарлар, іскерлік ойындар өткізу) және кәсіпорындардың кешенді экологиялық рұқсат алуы бойынша сервисті дамыту мәселелері бойынша консультация беру
2. «Жасыл» технологияларды, жобаларды дамытуға жәрдемдесу және қаржыландыруды тарту
- 2.1. Жасыл технологиялар және жобалар саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіруге жәрдемдесу
- 2.2. Технологиялық құзыреттердің салалық орталығын дамыту
- 2.3. «Жасыл» жобаларды қаржыландыру
3. Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру
- 3.1. Кадрлық әлеуетті дамыту
- 3.2. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
- 3.3. Қоғамның стратегиялық коммуникацияларын ұлттық деңгейде және халықаралық деңгейде дамыту
Стратегиялық бағыттарға қол жеткізу үшін мақсаттар айқындалды, олардың шеңберінде 10 міндет пен бастамалар белгіленді, олардың орындалуы Қоғамға ішкі және сыртқы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге жауап беретін құралдар мен тетіктерді пайдалануға, сондай-ақ қолжетімді ресурстарды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



